Абай облысында бойы 2 метрден асатын сарбаз борышын өтеп жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысында бойы 2 метрден асатын сарбаз борышын өтеп жатыр Фото: Абай облыстық гарнизонының баспасөз қызметі

Абай облысында бойы 2 метр 8 сантиметр сарбаз әскери борышын өтеп жатыр. Ол - Арман Қайыржанов, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысында бойы 2 метр 8 сантиметр сарбаз әскери борышын өтеп жатыр. Ол - Арман Қайыржанов, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экібастұздың тумасы әуе шабуылына қарсы қорғанысқа арналған 31767-Л әскери бөлімінде, "Шығыс" өңірлік қолбасшылығында қызмет етеді. Арман Қайыржанов отбасында бәрі бойышаң екенін айтады.

"Біздің отбасымызда ата-анам да ұзын бойлы. Ұзын болу – проблема емес. Отан алдындағы әскери борышты өтеуге ешқандай кедергі жоқ", – дейді Арман Қайыржанов.

Армияда сарбаз үшін лайықты кереует табылмаған. Сондықтан кәдімгі кереуетті жарты метрге ұзартуға тура келген. Ал әскери киім мен аяқ киім (50-өлшем) арнайы тапсырыспен тігілген.

Сурет: Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Арман мектеп пен колледжде де ең ұзын оқушы болған және баскетболмен айналысады.

"Бойымның ұзындығы өзіме ұнайды. Армияға келгенге дейін төрт жыл баскетбол ойнадым. Соңғы жылдары Экібастұз қаласының намысын қорғадым", – дейді сарбаз.

Қазір сарбаздың жасы 19-да екенін ескерсек, болашақта ол одан да ұзын болуы мүмкін.

Айта кетейік, Арман армияға дейін Экібастұз әкімдігінің "Экібастұз қаласының ең ұзын адамы" грамотасымен марапатталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети