Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан бір мектептің 3 бірдей қызметкері қаза тапты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан бір мектептің 3 бірдей қызметкері қаза тапты

Абай облысы Үржар ауданындағы мектептердің бірінің үш қызметкері жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысы Үржар ауданындағы мектептердің бірінің үш қызметкері жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, оқиға 09.12.2022 жылы сағат 14:45-те "Таскескен-Бақты" тасжолында болған. 29 жастағы Toyota Carina E көлігінің жүргізуші рөлді басқара алмай, қарсы бетте келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Жол көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапқан.

Кейін қаза болғандар Үржар ауданындағы Жаңай орта мектебінің психологы, әскери нұсқаушысы және жабдықтау бөлімінің меңгерушісі екені белгілі болды.

"Мектептегілердің бәрі жылап жатыр. Әскери нұсқаушыға обал. Биыл мектепке келген жас жігіт еді, әлі үйленбеген. Психологтың бес баласы бар", - дейді жергілікті тұрғын басылымға.

Осы факт бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети