Абай облысында “қара алтын іздеушілер“ тобы тепловизор арқылы ұсталды

видео кадры

Абай облысында заңсыз алтын өндірісімен айналысқан "қара алтын іздеушілер" тобы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ мәліметіне сілтеме жасап.

Абай облысында заңсыз алтын өндірісімен айналысқан "қара алтын іздеушілер" тобы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ мәліметіне сілтеме жасап.

Абай облысының полицейлері ҚР ІІМ арнайы бөлімшесінің көмегімен Жарма ауданындағы шахта аумағынан құрамында алтыны бар кенді ұрлауға әрекет жасаған топты тоқтатты.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыстық топтың ізіне түсіп, төрт ер адамды ұстады. Олардың жанынан металл іздегіштер, респираторлар, кен тасуға арналған қаптар және шамамен 3 килограмм құрамында алтыны бар кен табылып, тәркіленді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асады. Аса ірі көлемдегі ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама