Абай облысында қаза тапқан тракторшының отбасына көмек көрсетіле ме? Дүйсенова жауап берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысында қаза тапқан тракторшының отбасына көмек көрсетіле ме? Дүйсенова жауап берді Фото: instagram.com/oo_osa_semey_vko

Сенат кулуарында журналистер премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновадан орман шаруашылығы қызметкері Сергей Архипов Абай облысындағы өрттен қаза тапқандар тізіміне қосыла ма және оның отбасына қандай көмек көрсетілетінін сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дүйсенованың айтуынша, бұл мәселелермен Абай облысында жұмыс істейтін үкіметтік комиссия айналысады. Бірақ марқұм тракторшының отбасы ешқандай жағдайда мемлекет көмегінсіз қалмайды.

"Олар құрған қор тарапынан қандай әлеуметтік қолдау көрсетілетінін комиссия анықтайды. Ал әлеуметтік сақтандыру қоры бойынша, мемлекеттік бюджет, егер оның (Архипов. – еск.) асырауында адамдар болса, онда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер міндетті түрде тағайындалады. Қатысқан-қатыспағанына қарамастан (өртті сөндіруге. - еск.) бұл қаражат төленеді", - деді Дүйсенова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети