Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Абай облысында орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр 09 маусым 2023, 09:23

Абай облысындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото:instagram.com/glpr.semeyormany Фото:instagram.com/glpr.semeyormany

Абай облысындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті сөндіруге көмектесіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

"ТЖМ, Орман шаруашылығы комитеті, ЖАО және Қорғаныс министрлігінің 300-ден аса адамы, 70 техника жұмылдырылды. 4 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылып жатыр", - делінген хабарламада.

ТЖ министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес күштер мен құралдарды үйлестіру үшін өрт орнына ТЖ вице-министрі Марат Күлдіков жіберілгені айтылды. Жергілікті атқарушы органдар Бородулиха ауылында Островский атындағы ОМ және колледжде эвакуациялық пункттерді орналастырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram