Абай облысында полициядан қашқан 49 жастағы жүргізуші ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысында полициядан қашқан 49 жастағы жүргізуші ұсталды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Абай облысы Жарма ауданында мас күйінде болған 49 жастағы жүргізушіні қуғындау оқиғасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысы Жарма ауданында мас күйінде болған 49 жастағы жүргізушіні қуғындау оқиғасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заң бұзушы автопатрульдің бірнеше рет тоқтау туралы талабын елемей, жылдамдығын арттырып, қашпақ болды. Қуғындау барысында жүргізуші бірнеше рет жол ережелерін бұзды: бағдаршамның тыйым салатын белгісіне қарамай өтті, полицияның дыбыстық сигналдарына мән бермей, жоғары жылдамдықпен қозғалды.

Бір бұрылыста ол көлік басқаруын жоғалтып, жолдан шығып кетіп, алдыңғы бамперін зақымдады. Заңбұзушыны тек соққыдан кейін іске қосылған қауіпсіздік жастықтары ғана тоқтата алды. Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Медициналық тексеру нәтижелері оның орташа дәрежеде мас күйінде болғанын көрсетті. Заңбұзушының көлігі коммуналдық тұраққа қойылды, ал жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Оған 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға дейін айыру жазасы қарастырылған. Сонымен қатар полиция қызметкерлеріне бағынбағаны және жолда қауіпті жағдай туғызғаны үшін қосымша айыптар тағылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети