2024 жылы KAZ Minerals Тобы Семейге №50 жалпы білім беретін жаңа IT-мектеп-лицейін сыйға тартты. Рекордтық қысқа мерзімде тұрғызылған ғимарат құрылысына 10 миллиард теңгеден аса қаржы жұмсалды. Бұл Абай облысындағы алғашқы IT-мектеп. Компания лицейді қолдауын жалғастырып, жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтарды алып берді.
Абай облысындағы алғашқы IT-мектеп
№50 жалпы білім беретін орта IT-мектеп-лицей 1200 оқушыға арналған. Оқу орнында 48 оқу бөлмесі, атап айтқанда 6 мультимедиалық кабинет, информатика, химия, физика, биология, робототехника, графика мен модельдеуге арналған пәндік кабинеттер, қыш өңдеу, кулинария, тігін шеберханалары мен басқа да бөлмелер бар. Алғашқы оқу жылы мектепке 1-11 сыныптарды қосқанда 2004 оқушы қабылданды. Үстіміздегі жылы оқу орнының алғашқы түлектері – 14 абитуриент ҰБТ сынақтарынан сәтті өтіп, жоғары оқу орындарына түсті. Ал жаңа оқу жылында алғашқы сыныпқа келген балалар саны 200-ден асады.

Заманауи кабинеттер мен лицей сыныптары
"Бұл жылы бірінші сыныпқа 210 бала қабылданды. 5 сынып қазақ, 3 сынып орыс тілінде оқытылады. 1-11 қоса алғанда бізде 2094 шәкірт білім алуда. Осы жылы 5-сыныптан бастап негізгі пәндермен қатар лицей бағдарламасына негізделген сыныптар қосылады. Балалар математика, физика, информатика, ағылшын тілін тереңдетіп оқуға мүмкіндік алады. Ал ересек сыныптарға кәсіби білім беріледі, себебі балалар біздің IT-мектеп-лицейді болашақта IT саласында жұмыс істеу үшін таңдайды", - дейді Семей қаласының № 50 жалпы білім беретін IT-мектеп-лицейінің директоры Айжан Қуанышбаева.

Мұнда оқушылар екі ауысыммен оқиды. Осы жылы мектепке дейінгі дайындық сыныбына 100-ден аса бала қабылданған. Мектеп басшылығы ата-аналардың өз балалаларының білім алуды әдемі және жайлы мектепте бастағанын қалайтынын айтады.

"Мұндай оқу орындары - маңызды қадам": ата-аналар пікірі
Жанболат Тоқсанбаев жарымен кеңесе келе қызын №50 IT-мектеп-лицейге берді. Ол оқу орнын ұзақ таңдағанын айтады. Үйге жақын басқа да оқу орындары болғанына қарамастан олар жыл сайын сұранысы артып келе жатқан IT бағытын дұрыс көрген.
"Қызыма осы мектеп дұрыс деп шештік. Қазір 21 ғасыр, балалардың жаңа технологияға қызығушылығы жоғары. Мұндай оқу орындары – жас ұрпақтың дамуына, еліміздің дамуына үлес қосу үшін маңызды қадам. Біздің балалардың жетістігі Қазақстанның дамуына үлес қосарына сенеміз. Мектеп қызыма ұнады, күнделікті оқуға қуанып кетеді. Ол оқуға ұзақ дайындалды. KAZ Minerals компаниясының арқасында балаларымыздың заманауи мектепте, шабыт беретін ортада білім алуына мүмкіндік бар", - дейді оқушы қыздың әкесі Жанболат Тоқсанбаев.
Оқушылардың алғашқы жетістіктері мен жобалары
Алғашқы оқу жылы оқытушылар мен оқушылар сабақтан бөлек конкурстар, конференциялар мен педагогикалық процесс үшін маңызды шараларға да көңіл бөлді. Нәтижелері, соның ішінде IT саласындағы көрсеткіштері де атап өтуге тұрарлық.

"Ұжымыз жас. Қатарымызда 156 ұстаз бар. Барлығымыз күш біріктіріп, үйлесімді жұмыс істедік. IT бағытындағы бір жобамыз облыста 1 орын алып республикалық сайысқа қатысты. 8 сынып оқушылары мұғалімдерімен бірлесіп қазақтың ұлттық аспабы жетігенді 3D-принтерде басып шығарды. Мұнда бағдарлама дайындалып, роботтың күшімен басқарылады. Аталған жоба мамандардың жоғары бағасын алып, біз республикалық деңгейде танылдық. Ұстаздарымыз Ресей мен Қытайда өткен семинарларға қатысты. Бір оқушы қызымыз мұғалімімен бірге Грузияның Батуми қаласындағы музыкалық конкурста жақсы өнер көрсетті. Бізде "Eclipse" робототехника бойынша мықты команда жасақталды. Шәкірттеріміз робототехникадан төрт республикалық сайысқа қатысып командамыз Дубайдағы халықаралық жарысқа шақырту алды. Сонымен қатар, робо-футбол командасы жасақталды. Ортаңғы сынып оқушылары роботтарды құрастырып, арнайы алаңда сайыс өткізеді", - дейді мектеп директоры Айжан Қуанышбаева.

Мектеп жақсы жабдықталған. KAZ Minerals Тобы кабинеттерді техниканың соңғы үлгілерімен жасақтады.

Компания ары қарай да мектепті қолдай бермек. Оқу орнына келген сапарында KAZ Minerals Management басқарма Төрағасы Эльдар Мамедов оқу жағдайымен танысып мектепке тағы қандай құралдар қажеттігін анықтағаннан кейін жоба әзірлеуге тапсырма берді. Жаңа оқу жылы қарсаңында мұнда роботехника бөлшектері және видео мен подкаст түсіруге арналған жабдықтар жеткізілді.

Жаңа технологиялар мен шығармашылық мүмкіндіктер
"Бізге жаңа құралдар келді, оны оқушылардың шығармашылық даму кабинеті деп атадық. Робототехника, 3D-модельдеу мен бағдарлама жазудан бөлек, мұнда подкаст, фото және видео түсіру жоспарлануда. Осында керемет жасақталған кабинеттің арқасында біз болашақ инженерлерден бөлек журналистерді дайындармыз деп үміттенеміз. Мұнда оқушылардың шығармашылық талпынысы шыңдалады. Мектепке сыйға тартылған жабдықтардың құны 24 миллион теңгеге жуық. Біз компанияның біздің өтінішімізді ескеріп, қажеттіліктермен қамтамасыз еткеніне қуаныштымыз", - дейді мектеп директоры Айжан Қуанышбаева.

Әлішер Мәулетов информатика, жасанды интеллект, робототехника, бағдарлама дайындауды оқытады және роботехника командасының менторы. Жас маман Оңтүстік Корея университетінде екі жыл алған білімін оқушыларының пайдасын жаратуға ниетті. Ол жаңа құрылғылар негізінде шәкірттеріне қосымша дәріс өткізу үшін қажет деп есептейді. Алда мультимедиа клубын, робототехника клубын құру жоспары бар.
"Алғашқы оқу жылы мектепте 8-11 сынып оқушыларынан тұратын робототехника және мультимедиа командалары құрылды. Соңғылары шараларды, челлендждерді түсірумен айналысты. Мысалға оқушылар бір күнде өткен жақсы оқиғаларды баяндайтын ашық микрофон жобасын келтіруге болады. Осы жылы жұмыс жалғасын табады. Жаңа құрылғылардың арқасында сапаны арттырамыз. Бізге жаңа микрофонда келді, енді ұстаздар мен оқушылар қатысатын подкасттар, жеке айдарлар түсіріліп, кәсіби аппараттарда монтаждалады. Мектеп жаңалықтарын, мектептің іс-шараларын жақсы сапада түсіретін боламыз", - дейді информатика пәнінің оқытушысы Әлішер Мәулетов.

Мектепке 11 кәсіби монтаж компьютері, 5 робототехника столы, роботтық бағдарламалардың сынақ алаңдары, ортаңғы сыныптарға арналған жабдықтар, бастауыш сыныптарға арналған арналған сынақ алаңдары, ғылыми жобаларға арналған 100 арнайы жинақ, бес арнайы бағдарламаға арналған ноутбук, штативтер, кәсіби жарық, микрофондар, кәсіби камера, дрон, дрон-рессинг жабдықтары, ересек сыныптарға арналған робототехниканың бастапқы, қосалқы және құрастырушы жинақтары сыйға тартылды. Барлық сыйлықты жастарына қарай бірнеше кәсіби сыныптарға бөліп тарату жоспарлануда. Мультимедиа кабинетіндегі әр қабырға подкасттарға, мектеп жаңалықтары мен айдарларға арналып дайындалуда.
Мектепте информатиканы оқытатын 11 ұстаз бар. Олар оқушылармен қосымша робототехника, 3D-модельдеумен айналысады. Балалар топта және оқудан тыс дәрістерде белсенді оқып, жақсы нәтиже көрсетуде. Осы жылы жоғары топта сайыстарға қатысатын екі команда дайындау және роботехниканың басқа сайысына қатысатын тағы екі команда жасақтау, сол арқылы жарыстардың халықаралық кезеңіне шығу жоспарлануда.

11 сынып оқушысы Әлихан Султанбеков №50 IT-мектеп-лицейінде екінші жыл оқуда. Ол жаңа мектепке оқушы қабылданып жатқаны туралы естігеннен кейін бірден құжат тапсырған. Әлихан бұған дейін робототехникамен айналысып көрмепті. Мектептегі сайыста сыныптастары көмектескеннен кейін қызығушылығы оянған ол қазір команданың бас инженері. Одан бөлек бәсекеге оқушылар арасынан бағдарламашы, дизайнер, веб-дизайнер және СММ-маман қатысады.

"Біз команданы бағдарлама жазу бойынша өтетін жарысқа екі апта қалғанда жасақтап, Шымкенттегі алғашқы бәсекеде үшінші орын алдық. Содан кейін Орта Азияға бөлінген квотаға ие болып, әлемдік деңгейге шықтық. Бірақ бізде басқа командаларда бар жаңа құрылғылар болмауы себепті онда лайықты бәсекелестік көрсете алмадық. Құрал-жабдық біздің халықаралық деңгейге шығуымызға көмектеседі. Былтыр бізге келесі кезеңге шығу үшін дәл осындай құралдар жетіскен жоқ. Орта сыныптарға арналған жабдықтар үшін алғысымыз шексіз. Біз қазір жаңа команда жасақтап, оларға робот құрастыруға көмектесіп жатырмыз. Мұндай құралдар мектепке өте қажет", - дейді 11 сынып оқушысы Әлихан Султанбеков.
Мектепті тәмамдағаннан кейін Әлихан IT саласын таңдауға ниетті. Өзі түсетін университетті таңдап қойды. Қазір робототехникамен белсене айналысып, жарыстарға қатысуда жоспарлауда. Оның ұстаздарына және өзіне осындай мүмкіндік сыйлаған мектебіне айтар алғысы шексіз.

Жаңа мектеп расында да оқушылардың қызығушылығы мен талабын шыңдауға септігін тигізуде. Бұл ретте коворкингерді, қабырғалардағы қанатты сөздер мен суреттерді атап өту қажет. Дәліздерде роботтардың модельдері орнатылып, кеңістік креативпен көмкерілген. KAZ Minerals Тобы үшін мектеп оқушыларының мейлінше жайлы әрі қауіпсіз ортада білім алғаны маңызды. Ғимаратта информатика мен робототехникаға арналған су жаңа оқу бөлмелері, кең акт залы мен асхана, спорт залдары мен ашық алаңдары бар.

Одан бөлек балалардың әңгімелесіп, шығармашылықты талқылауы үшін нетворкинг аймағы жасақталған. Қауіпсіздікке де ерекше көңіл бөлінеді. Мектепте үлкен бір спорт залы және бастауыш сынып оқушылары үшін шағын спорттық ойын залдары қарастырылған.

Оқу ордасының аумағында футбол, волейбол, баскетбол алаңдары, жүгіру жолағы секілді оқушылардың білім алуы мен демалысына қажетті барлық жағдай жасалған.
Суреттер: KAZ Minerals