Абай облысындағы ауылдардың бірінде төтенше жағдай жарияланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысындағы ауылдардың бірінде төтенше жағдай жарияланды Фото: Абай облысы әкімдігінен

Абай облысындағы Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысындағы Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бесқарағай ауданы, Жетіжар ауылының тұрғыны сібір жарасы ауруына шалдыққан деп болжанған. Науқас ПТР тестінен өтті, қазіргі уақытта ауру расталмады.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жоспардан тыс облыстық комиссияның отырысында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті ауқымда табиғи төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды.

Қазіргі таңда Жетіжар ауылының кіреберісіне санитарлық бекет орнатылып, ауылдан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылды.

Сондай-ақ, жағдайдың себептерін анықтау үшін аудиторлық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, сібір жарасы ауа тамшылары арқылы таралмайды. Жара ауру малдың еті, тері, жүні немене ластанған тағамдар мен ауыз суды ішіп-жеу арқылы жұғуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети