Абай облысындағы өрт: қаржы министріне алдын ала шығын туралы сұрақ қойылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысындағы өрт: қаржы министріне алдын ала шығын туралы сұрақ қойылды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс кулуарында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев журналистердің Абай облысындағы орман өртінің алдын ала шығыны туралы сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс кулуарында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев журналистердің Абай облысындағы орман өртінің алдын ала шығыны туралы сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамаубаевтың айтуынша, өрт әлі сөндірілмегендіктен, алдын ала шығын туралы айтуға әлі ерте.

"Елеулі аумақ әлі де өртеніп жатыр. Сондықтан барлық процедуралардың, соның ішінде Роман Васильевич (Скляр. - еск.) жетекшілік ететін комиссияның жұмысын оқшаулап, аяқталуын күтейік", - деді қаржы министрі.

Сондай-ақ, Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті 121,5 миллиард теңге болады, оның ішінде биылға - 52,7 миллиард теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети