Абай облысындағы өрт: шығын есептелді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысындағы өрт: шығын есептелді Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Экология министрлігі Абай облысындағы өрттен келген шығынды есептеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экология министрлігі Абай облысындағы өрттен келген шығынды есептеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz тілшісінің сұрақтарына жауап берген ведомство, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Экология министрліктері қызметтік тексеру жүргізілгенін - жалпы шығын 165 миллиард теңгеден асатынын айтты. Өртенген орманның ауданы 6 миллион текше метр болады.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев шығын көлемі неге мұнша көп екенін түсіндірді.

"Мұндай сома туралы айтқанда, бірден бұл өте көп деген сұрақ туындайды. Негізі, ол қалай есептелді? 30 миллиард тікелей зиян: өртенген ағаштарды, өртенген жабдықтарды санаймыз, қалғаны 130 миллиардтың айналасында - бұл орманның пайдалы қасиеттерінің жоғалуы немесе азаюы. Яғни, бұл СО2 (көмірқышқыл газы - еск.) сіңуі, оттегінің бөлінуі, онда жайылымдар, шөптер болған - мұның бәрінің бағасы бар. Ал тікелей келтірілген залал 160 миллиард теңге болады", - деп түсіндірді Нысанбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети