23 желтоқсан 2022 | 19:00

Абай облысының фермерлеріне "бір терезе" форматында қаржыландыру қолжетімді

ПОДЕЛИТЬСЯ

21 желтоқсанда Семейде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен Абай облысың әкімі Нұрлан Уранхаевтың қатысуымен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ және "ҚазАгроҚаржы" АҚ филиалдарының ашылу салтанаты өтті.


Иконка комментария блок соц сети

21 желтоқсанда Семейде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен Абай облысың әкімі Нұрлан Уранхаевтың қатысуымен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ және "ҚазАгроҚаржы" АҚ филиалдарының ашылу салтанаты өтті.

Облыста бұл филиалдардың ашылуы бизнес-процестерді едәуір жеделдетеді және бұған дейін қаржыландыруға өтінім беру үшін Өскеменде 200 шақырым астам жол жүруге мәжбүр болған Бесқарағай, Бородулиха және Абай аудандарының фермерлеріне жол шығындарын қысқартады. Мемлекеттік кірістер департаментінің, Ұлттық статистика бюросының және басқада барлық институттардың дерекқорларын біріктіру жоспарланып жатыр.

"ҚазАгроҚаржы" АҚ Басқарма Төрағасы Айдар Прашевтің айтуы бойынша, жаңа филиалда Семей қаласының және Абай облысының Ауыл шаруашылығы өндірушілері ауыл шаруашылығы техникасын лизингке тиімді шарттар бойынша ала алады.

"Филиалдың ашылуының арқасында өңір фермерлері пайдалана алатын бюджет ұлғаяды, себебі Абай облысының агроөнеркәсіптік кешенін қаржыландыруға 2023 жылы шамамен 5 миллиард теңге бөлінеді", - деп атап өтті Айдар Прашев.

"ҚазАгроҚаржы" АҚ Абай облысы бойынша филиалының портфелінде ауылшаруашылық тауарды өндірушілердің 663-тен аса клиентіне қызмет көрсетіледі (1 878 шарт).

"ҚазАгроҚаржы" АҚ филиалының директоры Мақсат Байгелдінің хабарлауынша, бұл көрсеткіш шектеу емес, себебі несие қоржыны 13,2 миллиард теңге. Бүгінде Абай облысы "ҚазАгроҚаржы" АҚ қызметтерін пайдаланушылар арасында көшбасшылардың бірі болып табылады. 2022 жылғы 15 желтоқсандағы жағдай бойынша Абай облысында қаржыландырылған өтінімдердің сомасы 7,7 миллиард теңге, 432 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы лизингке берілді. Енді Абай облысындағы кем дегенде 650 шаруа қожалығы қолайлы шарттармен ауыл шаруашылығы техникасын лизингке ала алады. Бұл ауыл шаруашылығы бизнесін құруға және дамытуға үлкен қолдау болады.

Өз кезегінде Абай облысы бойынша "Қазақстан фермерлер қауымдастығы" филиалының басшысы Серік Байғалиев бұл қаржы институттарының фермерлер үшін және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін арнайы құрылғанын айтты.

Семейде мұндай филиалдардың ашылуы фермерлерге "бір терезе" форматында қызмет алуға мүмкіндік беретінін және де "ҚазАгроҚаржы" АҚ-да, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-да бір мекенжайда орналасқанын, атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети