07 қараша 2021 13:15

Абай шахтасында қаза тапқандардың тізімі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысындағы "Абай" шахтасында қаза тапқан алты адамның тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағанды облысындағы "Абай" шахтасында қаза тапқан алты адамның тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаза тапқандардың ең үлкені 53 жаста, ең кішісі 31-де.

  1. Краус Сергей Юрьевич, үңгуші, 1983 жылы дүниеге келген, үйленген.
  2. Шмидт Виталий Владиславович, 1-ұңғыма жұмыстарының қызметкері, 1979 жылы дүниеге келген, үйленген.
  3. Абдуллин Наиль Рамильевич, үңгуші, 1990 жылы дүниеге келген, үйленген.
  4. Корниенко Сергей Анатольевич, 1971 жылы дүниеге келген, үйленген.
  5. Супрунов Алексей Алексеевич, бастықтың көмекшісі, 1987 жылы дүниеге келген, үйленген.
  6. Скидченко Николай Николаевич, тау-кен шебері, 1968 жылы дүниеге келген.

"Абай" шахтасында зардап шеккен қызметкерлер:

  1. Маралбаев Жеңіс Мерекеұлы, 1963 жылы дүниеге келген;
  2. Зейналов Элайдын Авез-оглы, 1960 жылы дүниеге келген.

Абай шахтасындағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы айтылды

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек "Абай" шахтасында кеңес өткізді. Жағдай туралы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің директоры Андрей Черномаз және басқа да жауапты тұлғалар баяндады.

Жедел штаб құрылды, оған компания мен мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Облыс және компания басшылығы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына барады. Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша ТЖ министрі Юрий Ильиннің басшылығымен ТЖ мән-жайы мен себептерін анықтайтын мемлекеттік комиссия құрылды.

Еске салайық, бүгін сағат 08.30-да "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Абай" шахтасында кенет жарылысы болды. Апат кезінде шахтада 64 адам болған. 2 адам зардап шекті, 6 адам қаза тапты. ТЖД жедел штабының телефоны (8-7212) 51-11-10, жедел желі - (8-7212) 51-72-23.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети