07 қараша 2021 | 14:02

Абай шахтасындағы 6 адамның өлімі: полиция тергеу бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алты адам қаза тапқан Абай ауданындағы шахтада төтенше жағдай дерегі бойынша соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алты адам қаза тапқан Абай ауданындағы шахтада төтенше жағдай дерегі бойынша соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Абай ауданындағы шахтада метан газының жарылуы дерегі бойынша ҚР ҚК 277-бабы 3-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", - делінген полиция хабарламасында.

Осы бапқа сәйкес, кінәлілер үш жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қарағанды облысы полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көңіл айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети