Қарағанды облысының басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков еңбек инспекциясы басқармасындағыларға және әкімдерге нашар жұмыс істей тұра отбасыларымен, онымен қоса көңілдестерімен шипажайларға, түрлі шоу бағдарламаларға және Геннадий Головкинның жекпе-жегіне барып жүрген жұмыс берушілердің есін жиып, жұмысқа кірісулеріне тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әбдібековтің айтуынша, мұндай кәсіпкерлердің үйінде су мен жарықты өшіріп, жазалау керек. Сондай-ақ, олардың шетелге сапар ұйымдастырып, Геннадий Головкинның жекпе-жегіне бару үшін қайдан ақша алып жүргендерін тексеру қажет. Ол кәсіпкерлердің есімдерін ақпарат құралдарында жариялау керек.
"Бұл жағдайға қатысты атқарушы билік өкілдері қандай да бір шара қолдануы қажет. Егер де жұмысшы жалақысын уақытылы алмайтын болса, ол азаматта коммуналдық төлемдерді өтеуде қарыздары пайда болуы мүмкін ғой. Сондықтан да жұмыс берушінің оның қоластындағы адамының қарыздары бар екенінен хабары болу үшін не істеу керек? Ендігіде соттың шешімімен қарыз адамдардың коттедждеріндегі жарықты, суды және кәріз жүйесін өшіріп тастайық. Жұмысқа алушы да қоластындағы қызметкеріне жауапты болсын. Жұмыс берушілердің естерін жидырту керек. Еңбек инспекциясы басқармасындағылар, сіздер сол жұмыс берушілердің қайда демалып жүргендерін тексересіздер ме? Оның миллиондаған қарызы жатыр. Бірақ ол шетелде демалып, Головкинның кездесуін көріп жатқан болар. Осындай "батырлардың" есімін БАҚ арқылы жариялаңдар", - деді облыс әкімі.
Айта кетейік, облыстағы ЖШС-тардың бірінде 116 жұмыс берушінің 5,5 миллиона теңге көлемінде қарызы бар екені анықталған. Қазіргі уақытта осы іске қатысты сот отырыстары өтіп жатыр.
Биыл жылдың басынан бастап мемлекеттік инспекторлар 93 тексеріс жұмыстарын жүргізген. Осы орайда бірнеше кәсіпорынның басшыларына 14,4 миллион теңге көлемінде 91 әкімшілік айыппұл салынған.