Әбдіқалықова Мемлекеттік хатшы ретінде алғашқы отырысын өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әбдіқалықова Мемлекеттік хатшы ретінде алғашқы отырысын өткізді Гүлшара Әбдіқалықова. ©pm.kz

Қазақстанның су жаңа Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова бұл қызметтегі тұңғыш отырысын өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның су жаңа Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова бұл қызметтегі тұңғыш отырысын өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

"ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті", - делінген сайтта. Комиссия отырысында азаматтарды Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградаларымен марапаттау жөнінде мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден келіп түскен, Мемлекет басшысына ұсынылатын ұсыныстар қаралды.

Ақорданың хабарлауынша, қалыптасқан дәстүр бойынша мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі.

Еске сала кетейік, кеше - 11 қараша күні Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы атанған еді. Ол ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатылды, бұл лауазымға Бердібек Сапарбаев тағайындалды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети