25 наурыз 2017 | 14:08

Әбдірасылов ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Болатбек Әбдірасылов ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Болатбек Әбдірасылов ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы бүгін, 25 наурызда белгілі болды.

Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Президенті аясындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінде болған еді.

1958 жылы 15 шілдеде дүниеге келген, қазақ. Білімі жоғары. Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын және Мәскеу экономика және статистика университетінің Қашықтықтан білім беру институтын (МЭСИ) үздік бітірген.

Тірі жүйелердегі ақпараттар беру процесінің молекулярлық механизмдерін зерттеу саласындағы белгілі ғалым, әр түрлі клеткалардың биологиялық мембраналарының жұмыс істеу механизмдерін зерттеудегі молекулярлық аспаптар ретінде антибиотиктерді қолданудың негізін салушылардың бірі. Биология ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, физика оқытушысы, экономист. 1980-1986 жылдары Мәскеу облысы, Пущино қаласы, КСРО ҒА биофизика институтының аспиранты. 1986-1994 жылдары Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының оқытушысы, доцент, декан, проректоры. 1994-1996 жылдары Ресей ғылым академиясының клеткалар биофизикасы институтының аға ғылыми қызметкері (Мәскеу облысы, Пущино қаласы). 1996-2000 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бірінші проректоры, ректоры. 2000-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақпараттау және тестілеу орталығының директоры.

2001-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры, Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің төрағасы. 2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы 23 қыркүйектегі Өкімімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.

2012 жылы 25 ақпанда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі (2005 ж.), Халықаралық ақпараттандыру академиясының (1998 ж.), Халықаралық жоғары мектеп академиясының (2002 ж.), Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының (2005 ж.) академигі.Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін дамытуға маңызды үлес қосты. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын негізгі әзірлеушілердің бірі.

"Құрмет" Орденімен марапатталған (2005 ж.). Биофизика салындағы үлкен ғылыми жетістіктері үшін Нобель сыйлығының лауреаты П.Л. Капица атындағы Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының естелік медалімен марапатталған.

Ресей, Австралия, Голландия, Оңтүстік Корея, АҚШ- тың танымал журналдарында 60-тан астам ғылыми жұмыстары жарияланған. "Биофизические основы действия тритерпеновых гликозидов даммаранового ряда на биомембраны и клетки" кітабының авторы (1996 ж.).

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети