"Өрлеу" Ұлттық орталығы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов ресейлік LifeNews басылымының әлеуметтік желіде жариялаған видероликтеріне қатысты наразылығын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әңгіме Украина президенті Петр Порошенконың әнұран айтып тұрғаны түсірілген видеоға атышулы "Борат" фильміндегі Қазақстанның "әнұранын" салып, жазылған видеороликтер жөнінде.

Әбеновтің Facebook әлеуметтік желісіне жазған пікірінше, мемлекеттік органдар Қазақстан аумағында LifeNews сайтының таралымына тыйым салуға міндетті. "Қазақстанды қорлаған видеоны өшіртіп, кешірім сұрауды талап ету керек. Бізде ондай құқық бар ғой. Бас прокуратураның елімізді ашық түрде Интернет арқылы осылай қорлап жатқандарға неге жауап бермейтінін түсінбеймін. Электронды БАҚ-ты бақылауы тиіс біздің шенеуніктерді жауапкершілікке тартып, шараның қолданылуына бастамашылық ету керек. Біздің Заңды қалай бұзып отырғандарын көріп ресми түрде әрекетсіздік деп тану қажет. Біз бұл ережелерді өзіміздікілерді жазалау үшін ғана жетілдірмейміз ғой. Немесе достастық еліне қарсы кезекті рет үндемей қаламыз ба. Іштен тынамыз... Мен, мысалы, ҚР Азаматы ретінде менің елімнің абыройын сақтауды талап етемін! Қажет болса ресми үндеу жазуға дайынмын", - деп жазды Әбенов Facebook желісінде.
Еске сала кетейік, "Борат" фильмінде ұлыбританиялық комик Саша Барон Коэн түсті, ол сценарийдің бірлескен авторы және фильм продюсерлерінің бірі. Бұл картина Қазақстанда, Ресейде, Беларусь, Иордания, Кувейт, Бахрейн, Оман және Катарда көрсетілген жоқ.