"Даиш" ұйымына шамадан тыс назар аудару кейбір экстремистердің өз елдерінде лаңкестік жасауына себеп болады. Мұндай пікірді ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Даиш" ұйымына шамадан тыс назар аудару кейбір экстремистердің өз елдерінде лаңкестік жасауына себеп болады. Мұндай пікірді ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазіргі уақытта Сирия мен Ирактағы қарулы қақтығысқа 150-ден аса қазақстандық қатысып жатыр, олармен бірге содырлардың 200-ден аса әйелі, жесірі және баласы бар. Кейді тілшілер мұндай адамдардың жолын неге бөгеуіміз керектігін сұрайды және өлімге бас тіксе өз таңдауының солай болғаны екенін айтады. Ауғанстанда, Сирияда және Иракта ондаған адамның өз таңдауымен қаза болғанын айтады. Алайда біз азаматтарымыздың лаңкес болып, қаза тауып жатқанын қалыпты жағдай деп қабылдамаймыз. Сонымен қатар, сол адамдардың кейбіреуінің рухани-адамгершілік ұстанымдарынан шатасып, лаңкестік күрес пен өзі секілділерді жою бойынша кәсіби дайындық өткеннен кейін ниеті бұзылып, санасы уланған күйі қайтатынын білеміз", - деп мәлімдеді Әбіқаев Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференциясында. 
Оның айтуынша, Интернет пен БАҚ-тарда "Даишке" шамадан тыс көп назар аударылады, олар кейде бұрмаланған және құқыққа қайшы болады да экстремистердің өз отанында лаңкестік актілерді ұйымдастыруына итермелейді.  
"Қазақстан діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін қалыптастырып, оны бірте-бірте жетілдіріп келеді. Алайда біз экстремизм мен халықаралық терроризмнің түрлі түріне қарсы тұру үшін көптеген мемлекеттің ұжымдық күш біріктіруінің қажет екенін нақты түсінеміз", - деді Әбіқаев.