09 маусым 2015 11:01

Әбілғазы Құсайынов президенттік сайлау тақырыбын талқылағысы келмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстан кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов президенттік сайлаудан кейін өмірінің қандай өзгеріске ұшырағаны туралы сұраққа жауап бергісі келмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов президенттік сайлаудан кейін өмірінің қандай өзгеріске ұшырағаны туралы сұраққа жауап бергісі келмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жоқ-жоқ-жоқ, қыздар, бұл тақырыпты қозғамай-ақ қояйықшы. Бұл тақырыпты кейін жабамыз (сайлау тақырыбында сөйлесеміз - Авт.)", - деді Құсайынов, "Ұжымдық еңбек дауларын шешу. Тәжірибе және келешек" тақырыбында өткен жиын барысында журналистердің сұрағына жауап беріп.

ҚР кәсіподақтар федерациясының төрағасына мынадай сұрақ қойылды: "Президенттік сайлаудан кейін сіздің өміріңіз қалай өзгерді?".

Айта кетейік, президент сайлауына түскен Әбілғазы Құсайынов мамыр айында кәсіподақтар федерациясының төрағалығына қайта ұсынылған болатын.

Әбілғазы Құсайынов 2015 жылы 26 сәуірде өткен сайлауға қатысып, президенттікке таласты. Онымен бірге ҚКХП атынан ұсынылған Тұрғын Сыздықов "Нұр Отан" партиясының атынан қатысқан Нұрсұлтан Назарбаевпен бақ таластырды. Сайлаудың нәтижесінде, Құсайыновқа 57 718 сайлаушы дауыс берді, яғни - 0,64 пайыз. Ал Тұрғын Сыздықовқа - 145 765 немесе 1,61 пайыз. Ал Нұрсұлтан Назарбаевқа - 8 миллион 833 мың 250 немесе 97,75 пайыз.

Айта кетейік, Әбілғазы Құсайынов кәсіподақтар федерациясының төрағасы бола тұра федерацияның қолдауына жүгінген жоқ, ол жалпы халықтың 30 пайызына тең болатын, ол сайлауға өзін-өзі ұсынды.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети