Әблязовті қайта экстрадициялау жөнінде Ресеймен келіссөз жүргізіліп жатқан жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әблязовті қайта экстрадициялау жөнінде Ресеймен келіссөз жүргізіліп жатқан жоқ

Қазақстан БТА банкінің бұрынғы басшысы Әблязовті елге ре-экстрадициялау жөнінде Ресеймен ешқандай келіссөз жүргізген емес әрі жүргізіп жатқан жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, бұған дейін Франция соты Мұхтар Әблязовті Ресейге экстрадициялау туралы шешім қабылдаған еді. 

"Қазақстанның Бас прокуратурасы Әблязовті Ресейден немесе Украинадан ре-экстрадициялау туралы ешқандай келіссөздер жүргізген емес әрі жүргізіп жатқан жоқ және халықаралық құқықтық ынтымақтастық қағидаттарын қатаң ұстанатындығын, халықаралық құқықтық ынтымақтастыққа қатысушылардың кез келген өзара уағдаластықтары мен міндеттемелерін құрметтейтіндігін хабарлайды", - делінген таратылған хабарламада.

Қадағалау ведомствосы Қазақстанның экстрадициялауға қатысты сауалының Францияның Әділет министрлігінің алдын ала қарауында жатқанын еске салады. "Қазақстанның Бас прокуратурасы өзі жолдаған сауалдың француз билігі мен өкілетті сотта қаралуын баса өтінуде және Әблязовтің қылмыстық тобын қылмыстық қудалаудан бас тартпақ емес. (...) Қазақстанның бұрын жолдаған сауалы бойынша экстрадициялық рәсімдерді жылдамдату мақсатында Қазақстанның Бас прокуратурасы Францияның уәкілетті органдарымен келісуді одан әрі жалғастыра бермек", - деп хабарлайды Бас прокуратура.

Еске сала кетейік, Франция соты 24 қазан күні Мәскеудің 2013 жылы Ниццада ұсталған Мұхтар Әблязовті экстрадициялау туралы сауалын қанағаттандырған еді. Қазақстанда Әблязов БТА банкінен алты миллиард доллардан астам ақшаны жымқырды және басқа да ірі қаржылық алаяқтықтар жасады деп айыпталып отыр. Оның кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 13 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ресей билігі олигархты мемлекеттен бес миллиард долларды жымқырды деп, ал Украина 400 миллион долларды жымқырды деп айыптады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети