12 ақпан 2019 | 12:53

Әбілқасымова Астанадағы қайғылы жағдайдан кейінгі сынның себебін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова Астанадағы қайғылы жағдайдан кейінгі сынның себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова Астанадағы қайғылы жағдайдан кейінгі сынның себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің министрлік сынға ұшырады, себебі біз көптеген қиын мәселемен айналысамыз. Осы сынның барлығын ескере отырып, біз қажетті шараларды қабылдауға тырысамыз", - деді Мадина Әбілқасымова үкімет отырысынан кейін. 

Министрдің айтуынша, барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша жұмыстар жүргізуге тапсырма берілді.

"Жергілікті жерлерде жедел штабтар құрылды, олар көпбалалы отбасылардан келіп түсетін ақпарат жинап, баға беріп, ұсыныстар жинайды. Осы ұсыныстардың барлығы жұмыс тобында қаралатын болады. Жұмыс тобының бірінші отырысы өткен аптада өткізілді. Барлық орталық, жергілікті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді. Жұмыс тобының кезекті отырысы осы бейсенбіге жоспарланып отыр, қоғам өкілдері мен мамандарды шақыру жоспарланған. Әлеуметтік қолдауды жақсарту бойынша кешенді шешімдер ұсынылады деп ойлаймын", - деді Мадина Әбілқасымова.

Оның айтуынша, министрлікке көпбалалы аналар өтініштер мен ұсыныстарын айтып келіп жатыр. 

6 ақпанда көпбалалы аналар Астана қаласы әкімдігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдеріне жүгінді. Әйелдер өмір сүру жағдайы туралы айтып, пәтер беруді сұрады. Олардың өтініштерінің тізімінде 18 жасқа дейінгі әрбір балаға 20 мың теңгеден ай сайынғы жәрдемақы, тегін тамақтану, оқушылардың қоғамдық көлікте тегін жол жүруі, жоғары оқу орындарында оқу, сондай-ақ аналар мен балаларға арналған емдеу ұсыныстары болды.

Көпбалалы аналар Алматы әкімдігіне де өтініш білдірді. Кездесуде өтініштер негізінде ұсыныстар тізімі жасалды.

Жәрдемақы мөлшерін арттыру жөніндегі ұсыныстарды үкіметте көпбалалы отбасыларға қолдауды күшейту жөніндегі жұмыс тобы қарайды. Белсенділер мен көпбалалы аналардың төртінші баланы босанғаннан кейін ипотеканы толығымен жабуды, ай сайын әр 18 жасқа толмаған балаға 20 мың теңге жәрдемақы беру, аз қамтылған отбасыларға қолдау білдіру, яғни патронат ата-аналарға 10-20 АЕК (25-50 мың теңге) беруді ұсынды. 

Еске салайық, Астанада жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. 4 ақпанда сағат 02:34-те 101 пультіне жеке тұрғын үй аумағындағы уақытша құрылыстан өрт шыққаны туралы хабарлама келді. Өрт 30 шаршы метр аумақты шарпып, кейін 25 шаршы метр шатырды құлатқан.

Тілсіз жау 03:06-да оқшауланып, 03:24-те сөндірілді. От сөндіру барысында 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген бес баланың мәйіті табылды. Ата-анасы жұмыста болған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети