Интернетте БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтің 2005-2009 жылдар арасында банктен жымқырған миллиардтаған қаражаты туралы түсірілген "Синдикат Аблязова" деректі фильмі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әблязовтің жалпы шығыны кем дегенде 6 миллиард доллар екені анықталды. Ұлыбританиялық детективтердің бірінің айтуынша, ол мұндай іспен 30 жылдық мансабында бірінші рет кездесіп отыр.

Фильмде антикоррупциялық ведомствоның қазақстандық өкілінің сұхбаты келтіріледі. Онда ол ақшаның ұрланғанын экономикалық дағдарыс кезіндегі тексерулердің нәтижесінде анықтағанын айтады. Деректі фильмнің авторларының айтуынша, фильмде жасырын UKB6 департаменті түседі. "Банк ішіндегі банк" департаментінің ролі - несие мен операцияларды жауып, өтініштерді қабылдау. Ал банктің ұрланған қаражатын іздестірумен айналысатын Hogan-Lovells компаниясының Крис Хардмен есімді заңгерінің айтуынша, UKB6 кеңселері басқа қабаттарда орналасқан және оларда өз қауіпсіздік жүйесі болған. Сонымен қатар, фильмде төрт жыл бойы, яғни 2005 жылдан бері 200 жобадан банктен несие алуға өтініш келіп түскен, олардың ішінде жүз миллион долларға дейін несие алуға өтініш білдіргендер де болған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл алаяқтық іске 30 000 мыңнан аса компания қатысқан. Айта кетейік, деректі фильмнің режиссері - Марк Хирст, ал продюсері - Иан Фергюсон. Картина Ginger Smith Production компаниясының көмегімен түсірілген.