Әблязовтың күзетшісі Испаниядан экстрадицияланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әблязовтың күзетшісі Испаниядан экстрадицияланады Александр Павлов. ©Interpol.gov

Испания үкіметі БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың күзет қызметінің бастығы Александр Павловты Қазақстанға экстрадициялауды мақұлдады деп хабарлайды Tengrinews.kz AFP-ке сілтеме жасап. Испания министрлер кабинеті Павловты экстрадициялауды кезекті отырыс барысында мақұлдаған. Мұндай шешім Қазақстан тарапынан Әблязовтың күзетшісін өз елінде әділ сот төрелігі күтіп тұрғанына кепілдік берілуіне байланысты қабылданды. Еске сала кетейік, испан соты өткен жылдың шілде айында Қазақстан билігінің ұсталған Павловты беру туралы өтінішін қанағаттандыратынын хабарлаған еді. Павлов Испанияға 2012 жылдың желтоқсан айында келген. Терроризм және БТА банкінен арам жолмен 22,5 млн евро несие алу деректері бойынша айыпталған Александр Павлов Әблязовтың күзет қызметінің бастығы ғана емес, оның сенімді өкілі ретінде де белгілі. 2010 жылдың сәуір айында оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, халықаралық іздеу жарияланды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети