"Абу-Даби Плаза" кешенінің құрылысында қазақстандықтар үшін 2 мың тұрақты жұмыс орны құрылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдіктің медиа орталығына сілтеме жасап.
"Абу-Даби Плаза" кешенінің құрылысында қазақстандықтар үшін 2 мың тұрақты жұмыс орны құрылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдіктің медиа орталығына сілтеме жасап.
Онымен бірге жергілікті кадрды даярлау бойынша арнайы бағдарламаны әзірлеу жөнінде келесімге қол жеткізілді.
Кездесу барысында "Arabtec Holding PJSC" компаниясының басшылығы "Абу-Даби Плаза" кешенінің құрылысы аяқталған соң, Қазақстан азаматтары үшін 2 мың жаңа тұрақты жұмыс орны құрылатынын хабарлады.
Тараптар "Абу-Даби Плаза" нысанында жұмысқа ие бола алатын жергілікті кадрды даярлау бойынша арнайы бағдарлама әзірлеу жөнінде келісімге келді.
"Абу-Даби Плаза" кешенінің жобасын іске асыруға 17 мыңнан астам қазақстандық қатысты, олардың 9,5 мыңы біліктілігі жоғары қызметкерлер - инженерлер, мұнаралы кран операторлары, қауіпсіздік техникасы бойынша мамандар.
Қазіргі уақытта құрылысқа 3,5 мың қазақстандық азамат тартылған.
Жобаның іске асуына ұсынылып отырған 267 компаниямен АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Испания, Ирландия, Ресей, Украина сынды 43 елдің азаматтары қатысуда.
Айта кетейік, "Абу-Даби Плаза" кешенінің құрылысы 2012 жылы басталған болатын. Жоба бойынша инвестиция көлемі 1,6 млрд АҚШ долларын құрайды. Құрылыс халықаралық стандарт және жаңа құрылыс технологиялары бойынша жүргізілуде.
Еске салайық, осыған дейін Астана қаласының басшылығы БАӘ-ның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісімен және Arabtec Holding PJSC компаниясының ("Абу-Даби Плаза" кешенінің бас мердігері) басшылығымен кездесу өткізгені, бұл кездесудің "Абу-Даби Плаза" құрылыс алаңындағы бақылау-өткізу пунктінде 2 қыркүйекте болған төтенше жағдайға қатысты өткені хабарланған еді.
Arabtec Holding PJSC компаниясының басшылығы таяу күндері 61 шетелдік азаматтың (Үндістан азаматтары) ереже мен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін елден шығарылатынын хабарлады, алғашқы 23 адам бір тәулік ішінде елден шығарылады екен.