"Абу-Даби Плаза" құрылысы 2021 жылы аяқталады - әкімдік

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Абу-Даби Плаза" құрылысы 2021 жылы аяқталады - әкімдік

"Абу-Даби Плаза" көпфункционалды кешені құрылысы 2021 жылы аяқталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Абу-Даби Плаза" көпфункционалды кешені құрылысы 2021 жылы аяқталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

"Абу-Даби Плаза" көпфункционалды кешені құрылысы 2021 жылы аяқталады. БАӘ-ге жұмыс сапары барысында елорда әкімі Алтай Көлгінов пен әділет министрі Марат Бекетаев үлесті басқару жөніндегі атқарушы директор Фахад Әл Махмудпен, жобаларды басқару жөніндегі бас директор Ибрагим Әл Магрибимен, жоба директоры және Aldar Properties компаниясының бақылау жөніндегі директормен кездесті.

Құрылыс компаниясы Arabtec Holding жобасының бас мердігерінің күрделі қаржылық жағдайы "Абу-Даби Плаза" құрылысының аяқталуына әсер етпейтінін атап өтті. Кездесуде араб компаниясы өкілдері сендіргендей, Covid-19 карантин шараларына байланысты нысанды 2021 жылы толық аяқтау жоспарланып отыр. Айтпақшы, сауда-ойын-сауық орталығы, қонақ үй кешені сияқты көпфункционалды кешеннің бірқатар нысандары 2019 жылдың желтоқсанында және 2020 жылдың наурызында ашылды.

Сонымен қатар сапар барысында елорда әкімі Алтай Көлгінов шетелдік инвесторлармен кездесті. Тараптар жеке инвестициялар есебінен Нұр-Сұлтанда білім, медицина, туризм және т.б. саладағы бірқатар маңызды жобаны жүзеге асыруға келісті. Бұл қала экономикасына жеке инвестиция тартып, жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети