"Абу-Даби Плаза" маңындағы төбелес: 60-тан аса үндістандық азамат елден шығарылады

08 Қыркүйек 2017, 12:29
3
"Абу-Даби Плаза" маңындағы төбелес: 60-тан аса үндістандық азамат елден шығарылады -

Астана басшылығы БАӘ-ның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісімен және Arabtec Holding PJSC компаниясының ("Абу-Даби Плаза" кешенінің бас мердігері) басшылығымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу "Абу-Даби Плаза" құрылыс алаңындағы бақылау-өткізу пунктінде 2 қыркүйекте болған төтенше оқиғаға қатысты өтті. 

Arabtec Holding PJSC компаниясының басшылығы таяу күндері 61 шетелдік азаматтың (Үндістан азаматтары) ереже мен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін елден шығарылатынын хабарлады, алғашқы 23 адам бір тәулік ішінде елден шығарылады екен. 

Әңгіме барысында қала басшылығы мұндай оқиғаның қайталанбауын ескертті және шетелдіктерден Қазақстан Республикасының Заңына бағынып, моральдық-әдеп тәртібі нормаларын сақтауды, сондай-ақ Қазақстан халқының салтына сыйластықпен қарауды талап етті.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай