Абзал Нүкенов вице-министр лауазымынан босатылды

13 Тамыз 2018, 14:10
0
Абзал Нүкенов вице-министр лауазымынан босатылды - © diakom.gov.kz
© diakom.gov.kz

Абзал Нүкенов ҚР дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Нүкенов Абзал Нүкенұлы берілген өтінішке сәйкес дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі лауазымынан босатылды", - делінген Үкіметтің хабарламасында.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының "ҚР мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" 28.06.2018 жылғы №707 Жарлығына сәйкес Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ҚР Қоғамдық даму министрлігі болып қайта аталды. Жаңа ведомствоға Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді.

ҚР Қоғамдық даму министрлігінің миссиясы - сындарлы мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды қалыптастыру, тұрақтылықты нығайту, мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының әріптестігінің тиімді жүйесін дамыту, мемлекеттік жастар және отбасы саясатын тұжырымдау және тиімді іске асыру.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай