14 шілде 2014 | 16:58

ӘЧ-2014: қазақстандықтардың қандай ойындарға көп барғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Football.sport-express.ru ©Football.sport-express.ru

Бразилияға футболдан әлем чемпионатын көруге барған қазақстандықтардың көбі, негізінен, Ресей, Нидерланды, Испания құрамаларының ойындарына барған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Бразилияның Астанадағы дипломатиялық өкілдігінің мамандары айтты. Елшіліктің мәліметінше, 2014 жылғы әлем чемпионатын тамашалауға Қазақстанның барлығы 350 азаматы барған. 

Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық туристер чемпионат үшін виза алуға сәуір айының басынан өтініш бере бастаған. "Виза қысқа мерзімде, 2-3 жұмыс күні ішінде беріледі. Шұғыл жағдайда виза қажет құжаттар толық тапсырыған соң бір күн ішінде де беріледі", - дейді елшіліктің ӘЧ-2014 кезіндегі жұмысы туралы айтқан мамандар. Қазақстандықтар, негізінен, Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро, Бразилиа қалаларына барған. Туристердің көбі Бразилияға маусымның ортасында баруды ұйғарған.

Айта кетейік, жүзден астам қазақстандық ӘЧ-2014-ке ірі компаниялар түрлі конкурстарда ойнатқан жолдамалар бойынша барып келді. Қазіргі мезгілде Қазақстан мен Бразилия визасыз тәртіп орнату жөнінде рәсімдер жүргізіп жатыр. Екі ел азаматтарының визасыз қатынасы туралы үкіметаралық келісімге 2013 жылдың 2 қазанында қол қойылған болатын. 2014 жылдың 8 қаңтарында Қазақстан өз тарапындағы жұмыстарды аяқтады. Еске сала кетейік, футболдан әлем чемпионатының финалы 13 шілдеде өтті. Біріншіліктің жеңімпазы - Германия құрамасы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети