Adal партиясы Amanat-қа қосылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Adal партиясы Amanat-қа қосылады

Adal саяси партиясы басқарушы Amanat-қа қосылуға шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Adal саяси партиясы басқарушы Amanat-қа қосылуға шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Партияның әлеуметтік желілердегі мәлімдемесінде Adal мүшелеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс стилі ұнайтыны жазылған.

"Ол қазір әділетті мемлекет құруды көздеп отыр. Мемлекет басшысының бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауы аясында айтқан саяси реформалары соның тағы бір дәлелі. Бірақ бұл айтылған реформалар қалай жүзеге асырылады? Мәселе осында. Ол үшін бүкіл қазақ қоғамы бірігуі қажет. Президент реформаларының жергілікте жерде тиісті деңгейде іске асырылмай қалу қауіпі жоғары. Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқан "Достарға - бәрін, қалғанына заң бойынша" деген қағидамен келген қоғамның өткенін ұмытпауымыз керек.

Сол үшін біз, адалдықтар Жаңа Қазақстанды құруға белсенді қатысып, еліміздегі оң өзгеріске үлес қосқымыз келеді.

Партияластарымызбен ақылдаса келе, бүгін Adal-дың Саяси кеңесінде президенттік Amanat партиясына қосылу туралы бірауыздан шешім қабылдадық", - делінген жазбада.

Айта кетейік, Adal басшысы - Серік Сұлтанғали.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети