23 шілде 2019 | 22:59

Адам өлтірді деген браконьерлер ұсталды

© pexels.com

Ақмола полицейлері ізін суытпай Ақмола тірек пунктінің "Охотзоопром" РМҚК Орталық аймақтық филиалының инспекторларына шабуыл жасаған күдіктілерді құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола полицейлері ізін суытпай Ақмола тірек пунктінің "Охотзоопром" РМҚК Орталық аймақтық филиалының инспекторларына шабуыл жасаған күдіктілерді құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктілер әкесі мен ұлы болып шықты. Олар Арқалық қаласында тұрады.

Реклама
Реклама

"45 жастағы күдікті мен оның 20 жастағы ұлы, екеуі де Арқалық қаласының тұрғыны болып шықты, полициядан жасырынып, автокөліктен құтылуға тырысты, алайда, Ақмола жедел уәкілдерінің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында олар Қостанай облысының аумағында ұсталды", - делінген хабарламада.

Қаскөйлер ұсталып, сотқа тартылады - Тоқаев браконьерлер жайлы

Еске салайық, 23 шілдеде Ақмола тірек пунктінің "Охотзоопром ӨБ" РМҚК Орталық аймақтық филиалының инспекторлары Жарқайың ауданының аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзуды анықтау және жолын кесу бойынша іс-шараларды өткізу кезінде ақбөкенді ату фактісі анықталған. Браконьерлердің автомашинасын қуу кезінде екі инспектор жараланып, кейіннен біреуі қайтыс болған. 1975 жылы туған екінші жәбірленуші аудандық ауруханаға жатқызылды.

Қайтыс болған "Охотзоопром" инспекторының артында бес баласы қалды

Дереу Ақмола полицейлері күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізіп, ұстау жоспарын енгізді. Арнайы операцияға Жарқайың, Есіл және Жақсы аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамы қатысты, Жарқайың және көршілес аудандардың аумағында 10 бекет блогы қойылды.

Бұл қылмыстың ашылуы ішкі істер министрі мен полиция департаменті басшылығының бақылауында болды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная