23 шілде 2019 17:07

Қаскөйлер ұсталып, сотқа тартылады - Тоқаев браконьерлер жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Браконьерлермен алпарыста ерлікпен қаза болған қорықшы Қаныш Нұртазиновтың жақындарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Браконьерлермен алпарыста ерлікпен қаза болған қорықшы Қаныш Нұртазиновтың жақындарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Браконьерлермен арпалыста ерлікпен қаза болған қорықшы Қаныш Нұртазиновтың жақындарына шынайы көңіл айтамын. Қаскөйлер ұсталып, сотқа тартылады. Киіктерді атқаны үшін жазаны күшейту қажет. Қаза тапқан Қ.Нұртазинов марапатталатын болады. Егерь С.Оспановтың сауығып кетуін тілеймін", - деп жазды Тоқаев. 

23 шілдеде шамамен 11:00-де Ақмола бекініс пунктінің "Охотзоопром ӨБ" РМҚК орталық аймақтық филиалының инспекторлары табиғат қорғау заңнамасын бұзғандарды анықтау мен бұлтартпау шараларын өткізу барысында Ақмола облысы Жарқайың ауданының аймағында ақбөкен ату дерегі тіркелген. Екі инспектор браконьерлердің соңынан қуып кеткен. "Нива" автокөлігінің мемлекеттік нөмірін анықтау мүмкін болмаған. Нөмірдің Қостанай облысынан екені ғана анықталды. 

Браконьерлер қолынан қаза тапқан "Охотзоопром" инспекторы - 43 жастағы Қаныш Нұртазинов болған. Оның төрт баласы қалды. Нұртазинов Қаныш Серікұлы 1976 жылы 24 қаңтарда дүниеге келген. Ол 2016 жылдың 5 қаңтарында "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК жұмысқа қабылданған. Оның отбасында жұбайы мен төрт баласы - үш қызы мен 2011 жылы туған ұлы қалды. Қаныш Ұлытау ауданы Қоскөл ауылында тұрды. Екінші жараланған инспектор Самат Оспанова Державин қаласының аудандық ауруханасында ота жасалып жатыр, оған санавиация шақырылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети