Ұлттық академиялық кітапханада ерекше экземпляр бар. Бұл кітап адам терісінен жасалған (немесе оны антропометрикалық қаптау деуге болады). Онда не жызылған және кімге арналған - Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар секторының жетекшісі Дариға Дәуренбекова Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.
Ұлттық академиялық кітапханада ерекше экземпляр бар. Бұл кітап адам терісінен жасалған (немесе оны антропометрикалық қаптау деуге болады). Онда не жызылған және кімге арналған - Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар секторының жетекшісі Дариға Дәуренбекова Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.
Кітап 1532 жылы шыққан. Онда мәтін ескі латын графикасымен таңбалаған. Бұл - Ұлттық академиялық кітапхана қорындағы ең ерекше экспонаттардың бірі. Кітапты бұл мекемеге 2014 жылы жеке коллекционер сыйға тартқан екен. Болжам бойынша, ол Еуропадан жеткізілген.
Кітаптың шын мәнінде адам терісінен жасалғанына көз жеткізу үшін Ұлттық ғылыми медициналық орталықтағы патоморфология зертханасында зерттеу жасалған.
"Мұқаба материалының 0,5 миллиметр бөліктері электронмикроскоп желісі режимінде эпоксид смоласына қойылды. Түк фолликулдерінің аздығы адам терісі екенін дәлелдеді, себебі жануарларда түк өте тығыз орналасады", - деп түсіндірді Дариға Дәуренбекова.
Қазіргі уақытта Ұлттық академиялық кітапханада кітап мазмұнын оқу жұмыстары жүріп жатыр. Қазақстандағы мамандар мәтінді тани алмаған, себебі елде ескі латын графикасын түсінетін маман жоқ. Сондықтан Париждегі Мәтін тарихын зерттеу институтының сарапшылары іске кіріскен. Олар ортағасырлық қолжазбалар мен тұңғыш баспа кітаптарын зерттеуге маманданған.
"Қазақстанның Франциядағы елшілігі арқылы бұл институттың жетекші ғалымымен байланыс орнаттық, ол - медиевист Доминикан Пуарель. Ол уақытының аздығына байланысты 330 бетті толық оқып шыға алмады, бірақ алғашқы 16 бетті қарап шыққан ол мәтінде ақша, несие және салық жайлы жазылғанын айтты. Доминик Пуарельмен келіссөз жалғасып жатыр, ол өзге медиевистермен сөйлесіп көруге уәде берді", - дейді Дариға Дәуренбекова.
Одан басқа, ресейлік сарапшылармен де келіссөз жүрген.
"Мәтінтанушы Илья Аникьев қолжазбаның бірінші тарауының электрон нұсқасынан оқып шығып, кітаптың 1532 жылы Петрус Пуардус деген ер адамның нотариалдық жазбалары екенін айтты. Ол Солтүстік Италияның Мондови қаласында нотариус болған, жазба сонда жазылған", - деді Дәуренбекова.
Оның айтуынша, келешекте кітап қағазын зерттеу жоспарланып отыр. Мамандар XVI ғасырдағы қолжазбаны толықтай зерттеудің кітапхана қоры үшін ғана емес, еліміз үшін де жаңалық болатынын айтады.
Мамандар бұл баға жетпес экземпляр дейді.
Түпнүсқасын сақтау мақсатында кітапханадағылар оның көшірмесін жасапты.
Ашық дереккөздердегі мәліметке қарағанда, адам терісінен кітап шығару XVI-XVII ғасырларда "сән болған". 2014 жылы адам терісінен жасалған тағы бір ескі кітап Гарвард университетінің кітапханасынан табылған. Сарапшылар XIX ғасырда өмір сүрген жазушы Арсен Хуссайеның "Жанның тағдырлары" (Des destinees de l'ame) деп аталатын еңбегін зерттеп, кітаптың шын мәнінде адам терісінен жасалғанын анықтаған.
Арсен Уссе Des destinees de l'ame. © Reuters
Ертеде адам терісімен қапталған кітап таңғалатын дүние саналмаған. Кейде қылмыскердің өз ісін мойындауы жазылған мәтін өз терісінен тігілген деген де деректер бар. Ал тағы бір деректерде адам өлім алдында өзін дәл осылай есте сақтауды сұрап, арнайы жасататын болған.
Книга из человеческой кожи. Уникальный экземпляр хранится в Нур-Султане
Сурет пен мәтін Ботагөз Айтжанова
Орыс тілінен аударған Ардақ Құлтай