Адамдар мінген автобус жер астына түсіп кеткен: құтқару операциясынан кадрлар

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

Павлодар облысында алтын кеніші маңында жер опырылып ішіне түсіп кеткен автобусты іздеу операциясы екінші күн қатарынан жалғасып жатыр. Автобуста адамдар болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысында алтын кеніші маңында жер опырылып ішіне түсіп кеткен автобусты іздеу операциясы екінші күн қатарынан жалғасып жатыр. Автобуста адамдар болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңір әкімі Instagram-парақшасында құтқару операциясының қалай жүріп жатқанын көрсетіп, бейнеролик жариялады. Кадрларда кинологтар мен иттер шұңқырға түсіп, оқиға орнын қарап жатқаны түсірілген. Пайда болған шұңқырда үлкен жарықтар бары көрінеді. Құтқарушылар жоғары қауіпті режимде жұмыс істеп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Байханов Асаин (@asaiyn.baikhan)

"Майқайың-алтын" АҚ аумағындағы іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Оқиға орнында менімен бірге ТЖ вице-министрі және басқа да қызметтер бар.

Құтқарушылар жоғары қауіпті режимде жұмыс істеп жатыр, өйткені, құлау шекаралары тұрақсыз, әлі де пайда болған шұңқырда тастар мен топырақ құлап жатыр", - деп жазды әкім.

Барлығы 116 адам, 23 техника жұмылдырылған. Бүгін таңғы сағат 06:00-де Астана қаласы ТЖД кинологтар бригадасы келіп, бірден іздестіру жұмыстарына кірісті.

"Қаза тапқан және жоғалған құтқарушылардың отбасыларына "Майқайың-алтын" АҚ және КӘАҚҚ РОШ-нан әрбір отбасына 4.5 миллион теңгеден астам мөлшерде материалдық көмек көрсетілетін болады. Мемлекет тарапынан қаза тапқан жандардың отбасыларына асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындалады. Қаза болған екі құтқарушының отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың иманы саламат болсын", - делінген әкім жазбасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro