Адамдар полицейлер жайлы сериалдардан шаршады - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адамдар полицейлер жайлы сериалдардан шаршады - Назарбаев ©Podarihit.ru

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында жалпықазақстандық мәдениеттің арнайы жоспар-презентациясын жасауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында жалпықазақстандық мәдениеттің арнайы жоспар-презентациясын жасауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы EXPO-2017 қарсаңында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жалпықазақстандық мәдениеттің арнайы жоспар-презентациясын жасауы керек екенін айтты. "Біз жаңа елміз және келушілердің біздің республикамыздың қандай ел екенін, табиғаты қандай екенін және мәдениеті туралы білгісі келуі қалыпты жағдай. (...) Голливудтың барлық туындысы - бұл идеология емес пе? Бұл олардың мәдениеті", - деді Назарбаев.

Сонымен бірге, Президент өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге ерекше назар аудару керек екенін атап өтті. "Бұған білім беру, тәрбиелеу, мәдениет, БАҚ салаларының біріккен күші жұмсалуы қажет. Адамдар талғамсыздықтан, полицейлер туралы қызықсыз сериалдардан, криминалдан шаршады. Көңіл көтеру сұранысы - адамның көңіл қылын шерту, адам инстингтін тербеу. Мұнда біздің зиялыларымыздың ролі басым. Олар жаңа туындыны жасауы керек, адамдар киноны, театрды күтеді", - деді Мемлекет басшысы.

Осыған байланысты ол Мәдениет және спорт министрлігіне, Инвестиция және даму жөніндегі министрлікке БАҚ пен Интернетте ҚХА-мен бірге арнайы жобаны іске асыру туралы сәйкес тапсырма берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети