Адамды балталап тастаған деген ақпарат жалған - Абаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адамды балталап тастаған деген ақпарат жалған - Абаев

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Жамбыл облысының Масанчи ауылында болған жаппай қақтығыстың себебі - адамды балталап тастаған деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Жамбыл облысының Масанчи ауылында болған жаппай қақтығыстың себебі - адамды балталап тастаған деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифингтен кейін журналистер Абаеватан Желіде тарап жатқан Масанчиде "қарт кісі мен балаларды балтамен шапты" деген ақпараттың анық-қанығын сұрады.

"Адамды балталап тастаған деген ақпарат жалған", - деді Абаев.

Сондай-ақ, министрден қақтығыс себебі делінген 82 жастағы қария зардап шеккен тұрмыстық жанжал туралы хабардың мән-жайы сұралды.

"Мұндай нұсқа бар. Бұл тұрмыстық жанжал, бірақ нақты қандай екенін қазір анықтап жатырмыз", - деп атап өтті Абаев.

Еске салайық, бұған дейін 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе және Масанчи ауылдарында полицейлерге шабуыл жасалып, жаппай төбелес шыққаны мәлім болған. 

Тоқаев Қордай ауданындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол оқиғаны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болғанын мәлімдеген

Кейін Президент Жамбыл облысындағы оқиғаларға байланысты мәлімдеме жасап, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы айтты

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Жамбыл облысында болған полицейлермен қақтығыста 8 адам қайтыс болғанын айтты.

Қордай ауданындағы ТЖ: 30 үй мен 23 көлік қираған

Қазіргі уақытта 47 адам ұсталды, олар полиция бөліміне жеткізілді. Екі аңшы қаруы тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы "Жаппай тәртiпсiздiкке қатысу және оны ұйымдастыру", сондай-ақ ҚР ҚК-нің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша жүріп жатыр

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети