21 маусым 2021 | 18:19

"Адами парызымды орындадым" - студент Алматыдағы субұрқақта әйел мен балаларды құтқаруы туралы

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

19 жастағы студент Абылай Балапанов Қазнет батырына айналды. Ол Алматыда субұрқақта ток соғып, есінен танған адамдарды құтқарып қалды. Жігіт Tengrinews.kz тілшісіне болған оқиғаны баяндап берді. 


Иконка комментария блок соц сети

19 жастағы студент Абылай Балапанов Қазнет батырына айналды. Ол Алматыда субұрқақта ток соғып, есінен танған адамдарды құтқарып қалды. Жігіт Tengrinews.kz тілшісіне болған оқиғаны баяндап берді. 

Абылай Балапанов Алматы облысында туған. Ол Satbayev University-де инженер мамандығында оқиды. Сұхбатында ол сол күні уақытын метрода кітап оқумен өткізгенін айтты. Содан кейін цирк маңындағы станциядан түсуді ұйғарған. Дәл сол жерде ол оқиға куәсі болады.

"Орындықта кітап оқып отырғанмын, бір кезде әйелдің айғайын естідім. Ол көмек сұрап: "Олар өлейін деп жатыр" деді. Мен сол жаққа жүгіріп барып, субұрқақта бетімен жатқан қыз бен анасын көрдім. Көмекке шақырған әйел оларды ток ұрып жатқанын айтты.

Осы кезде субұрқақ қосылғанда оларды қатты ток ұратынын көрдім. Мен ойланбастан суға секірдім, қыздың анасына жақындағанда аяғыма ток соқты. Сосын бір қадам шегініп, субұрқақ сөнгенін күттім, кейін әйелді ұстап алып сүйреп шығардым, оған екі жасөспірім көмектесті. Кейін кішкентай қызды шығару үшін қайтып бардым. Күтіп тұрып ол өшкенде қызды ұстадым, бірақ уақыттан жаңылыстым, мені де ток ұрып, қозғала алмай қалдым, суға құлап түстім. 

Ток бүкіл денемнен өтті, мен бар күшімді салып өзім шықтым. Осы кезде 40 жастағы ер адам жақындап, суға абайлап кіріп, қызды алып шықты", - деді ол.

Абылай өзін батыр санамайды, оның орнында әркім осылай істеуі керек екенін айтады.

"Әрине, қорқынышты болды, бірақ қызды көргенде, оны құтқару керек деп шештім. Менің ойымша, өзімнің адами парызымды осылай орындадым", - дейді жігіт.

Бұған дейін Алматы дәрігерлері қалалық субұрқақтардың бірінде электр тогынан зардап шеккендердің денсаулығы туралы айтқан болатын. Дәрігерлердің сөзінше, зардап шеккендердің бірі - 28 жастағы әйел Орталық клиникалық қалалық ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта ол реанимацияда. Сондай-ақ, оқиға салдарынан 8 және 10 жастағы екі қыз зардап шекті. Екеуінде де жарақат көп.

Еске салайық, 20 маусымда Алматыда субұрқақта әйел мен екі қызды электр тогы соқты. Полиция бұл оқиға Қылмыстық кодекстің 306-бабы бойынша тергеліп жатқанын хабарлады. Кінәлілер бес жылға дейін сотталуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети