24 желтоқсан 2020 | 16:39

Адамшошырлық жағдай - министр Нұр-Сұлтанда аязда қалған қыз туралы

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтанда аязда қалған 8 жастағы қызға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтанда аязда қалған 8 жастағы қызға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз көрдік. Ол жаққа топ жіберілді. Қорғаншылық органдары мен ювеналды полиция сол жерге кетті, олар қазір қажет жұмыстарды жүргізіп жатыр. Қыз далада отырды, қарда, жалаңаш. Шынын айтқанда, мен бұл қыздың қандай жағдайда өмір сүргенін білмеймін. (...) Өкінішке қарай, мұндай адамшошырлық жағдайлар болады.

Әрине, мемлекет бұл жағдайда тез әрекет етуі керек. Сондықтан қамқоршылық органдары қажет жұмыстарды жүргізеді. Қандай да бір мәлімет айтуға бізге әлі ерте, себебін білу керек, қандай жағдай болғанын анықтау қажет. Мұның қаншалық шындыққа жанасатынын көреміз. Заң аясында ең қатаң шаралар қабылданады", - деді министр онлайн-брифингте.

Реклама
Реклама

Анасы 8 жастағы қызын үйден жалаңаш қуып жіберген. Баланың отбасы туралы деректер шықты

Еске салайық, мұның алдында астаналық әйелдің 8 жастағы қызын үйден жалаңаш қуып жібергені хабарланған болатын. Бұл жазба желі қолданушылары арасында шу шығарған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная