24 желтоқсан 2020 16:05

Анасы 8 жастағы қызын үйден жалаңаш қуып жіберген. Баланың отбасы туралы деректер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық әйел 8 жастағы қызын үйден жалаңаш қуып жіберген. Жазба авторы жылап отырған қыздың отбасы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астаналық әйел 8 жастағы қызын үйден жалаңаш қуып жіберген. Жазба авторы жылап отырған қыздың отбасы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Автормен журналист Динара Сәтжан сөйлескен. Журналист Instagram желісіндегі парақшасында жазба авторымен сөйлескен сәтінің видеосын жариялады.

"Аида - аязда далада отырған қыздың суретін жариялаған тұрғын. (...) Мұнда тек екі бөлме бар. Ортақ дәліз бен жуынатын бөлме. Аязда отырған қызды анасы оны көршісінің кірқыстырғыштарын алғаны үшін жазалады. Қыздың алты жасар інісі де жазаланды. Отбасында төрт бала бар. Бұл жағдай кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралады. Таңертеңнен бастап мұнда білім басқармасы, ювеналды полиция қызметкерлері болды.

Іс Шолпан Қадырованың бақылауында. Ешкімді айыптағым келмейді. Мен балалардың анасын түсінгім келеді. Балаларды ата-анасынан тартып алғанын қаламаймын. Ата-анасы қорытынды шығарғанын қалаймын. Балаларға қамқорлық пен мейірім қажет. Олар ата-анасын жақсы көреді. Бәрі соншалық жаман емес", - деп жазды Динара Сәтжан.

Алайда Аиданың айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ.

"Мен ол тәтемен жақсы араласатынмын, менің анамдай болатын. Бірақ ол ашушаң болатын, бар ашуын балалардан алатын... Екі рет біздің үйде қонды. Балаларын қалай ұратынын көрген емеспін, бірақ бәрін естимін", - дейді Аида.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dinara Satzhan (@dinarasatzhan)

"Оларға көмектескім келді, басқа ештеңе ойламадым. Осылай болғанын қаламадым. Органдағыларды шақырамын деген кезде "Вызывай. Маған бәрібір" деді. Мен қызды көргенде есімнен танып қала жаздадым. Дірілдеп отырды. Көзінен жас ағып жатты. Ол бірден үйіме келді. Осындай аязда екі-үш минут отырды, жалаңаш болды... Біздің үйде сәл отырды, содан кейін оны әпкесі алып кетті", - дейді Аида.

Оның айтуынша, қыздың анасы енді Аиданы үйден шығарып жіберемін деп қорқытып жатыр.

"Мен соншалық не істедім, балаларды қорғап жатырмын. Олар өліп қалса, не болады? Балаларға жануарларға қарағандай қарайды", - деді астаналық қыз.

Еске салайық, мұның алдында астаналық әйелдің 8 жастағы қызын үйден жалаңаш қуып жібергені хабарланған болатын. Бұл жазба желі қолданушылары арасында шу шығарған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети