Әділбек Жақсыбеков Конституцияның 20 жылдығына арналған дуатлонға қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділбек Жақсыбеков Конституцияның 20 жылдығына арналған дуатлонға қатысты © astana.gov.kz

Қазақстан Республикасының 20 жылдығы қарсаңында елордада тұңғыш рет "Астана-дуатлон - 2015" жарысы өтті. Спорттық шараға Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков, сонымен қатар, олимпиада чемпионы Александр Винокуров қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық сайтқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының 20 жылдығы қарсаңында елордада тұңғыш рет "Астана-дуатлон - 2015" жарысы өтті. Спорттық шараға Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков, сонымен қатар, олимпиада чемпионы Александр Винокуров қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық сайтқа сілтеме жасап.

Жарысқа қатысушылар 15 шақырымға созылған қашықтықты велосипедпен енсеріп, 5 шақырым қашықтықты жаяу жүгіріп өтті. Қашықтықтың жалпы ұзындығы мерейтойлық санмен сәйкес келеді. "Мұндай шаралар әлемнің ірі қалаларында көптеп ұйымдастырылады. Бұл - мықты, мақсатшыл және бірбеткей адамдарға арналған спорт", - деді қала басшысы Әділбек Жақсыбеков шара барысында.

"Астана-дуатлон - 2015" жарысының жүлделі орындары үш жас категориясы бойынша тағайындалды: 16-дан 35-ке дейін, 36-дан 50-ге дейін және 51 жастан асқандар үшін. Бас жүлде - елорданың ең беделді фитнес-орталығына бір жылдық абонементті, берілген қашықтықты ең жылдам болып өткерген - 1996 жылы туылған Юрий Щербинин (40,10 минут) және 1995 жылы туылған Амилия Ысқақова (48,32 минут), 36-50 жас аралығындағы сайыскерлер ішінде Жанболат Қадыров пен Татьяна Михалева, ал 51 жастан асқан дуатлоншылар арасында Леонид Лечщинский жеңіп алды.

"Астана-дуатлон" қаламыздың игі дәстүріне айналады деп сенемін. Барлық астаналықтарды спортпен шұғылдануға шақырамын", - деді Әділбек Жақсыбеков, жарысқа қатысқандар мен жарысты тамашалауға келген жұртшылыққа ризашылығын білдіріп.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети