Әділбек Жақсыбеков министрліктегі қызметкерлердің санын қысқарту мәселесін көтерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділбек Жақсыбеков министрліктегі қызметкерлердің санын қысқарту мәселесін көтерді

Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков министрліктегі қызметкерлердің санын қысқарту мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жайлы ол Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің кеңейтілген отырысы барысында айтты.

"Мемлекеттік органдардағы тағы бір мәселе - тұрақсыздық. Сондықтан да мемлекеттік органдардағы көп жұмыс орны біраз уақыт бос тұрып қалады. Қаржы министрлігінің үшінші тоқсандағы қорытындысы бойынша, 970 қызметтің орны бос болса, Ұлттық экономика министрлігіндегілердің мәліметінше, 900-ден аса орын бос тұр. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері 280 орынның бос екенін айтты", - деді Әділбек Жақсыбеков.

Сонымен қатар, ол өңірлерде де осындай мәселенің бар екенін айтып өтті. Президент әкімшілігі басшысының айтуынша, бірнеше бос орынның болуы мемлекеттік қызмет әкімшілігінің тұрақты болуына және жұмыстың сапасына кері әсер етіп, кедергі келтіреді.

"Мұнда бізге толықтай талдау жүргізу керек: яғни, неліктен бізде бос жұмыс орындары көп. Мүмкін министрлік дегендердің санын қысқарту керек шығар? Міне, осы ретте үнемдеу болу керек", - деді ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети