Әділбек Жақсыбеков халықаралық ассамблеяның вице-президенті болып тағайындалды

Әділбек Жақсыбеков халықаралық ассамблеяның вице-президенті болып тағайындалды © astana.gov.kz

Әділбек Жақсыбеков ТМД ірі қалалары мен елордалары Халықаралық Ассамблеясының вице-президенті болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана&nbspәкімі Жақсыбековке Мәскеуден ТМД елордалары мен ірі қалалары Халықаралық Ассамблеясының бас директоры Селивановтың атынан жеделхат келіп түсті.&nbspЖеделхатта Халықаралық Ассамблеяның ХХІІІ сессиясының шешімімен Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков осы ұйымның вице-президенті болып тағайындалғаны туралы айтылған.

"Бас директор Астана әкімін Ассамблея атынан осы оқиғамен құттықтап, нәтижелі ынтымақтастық пен Халықаралық Ассамблеяда және Қазақстан астанасы мен ірі қалаларына лайықты өкілдік ететініне сенімін білдірді", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Жарнама
Жарнама

Еске сала кетейік,&nbsp2015 жылдың 10 маусымында Мемлекет басшысының өкімімен Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков "Астана ЭКСПО - 2017" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған болатын. ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Әділбек Жақсыбековті "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының ұжымымен таныстырды.&nbsp

&nbsp
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама