Әділбек Жақсыбековтің қандай қызметке келгені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділбек Жақсыбековтің қандай қызметке келгені белгілі болды

ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болған Әділбек Жақсыбеков "Цесна" корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болған Әділбек Жақсыбеков "Цесна" корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Цесна" Корпорациясы" АҚ Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлының 2018 жылдың 10 қыркүйегінде "Цесна" Корпорациясы" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланғанын хабарлайды", - делінген хабарламада. 

Корпорация сайтының мәліметінше, ірі акционерлер: Әділбек Жақсыбеков, ол 35 пайыз немесе 6 562 500 дана акция иегері (акцияның барлық пакетіне Жақсыбек Дәурен Әділбекұлының сенімгерлік басқаруына берілді); Жақсыбек Дәурен Әділбекұлы акцияның 74,2 пайызына немесе 7 350 000 дана акцияға ие - тікелей иелік; акцияның 35 пайызы немесе 6 562 500 данасы - Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлының сенімгерлік басқаруына қабылданды. 

Еске салайық, бұған дейін Әділбек Жақсыбековтің зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылғаны хабарланған еді. Бұл қызметке Астананың әкімі болған Әсет Исекешев келді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети