04 мамыр 2015 | 11:51

Әділбек Жақсыбеков Астана әкімі болып қайта сайланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділбек Жақсыбеков. ©Tengrinews.kz Әділбек Жақсыбеков. ©Tengrinews.kz

Әділбек Жақсыбеков Астана әкімі болып қайта сайланды, - леп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Әділбек Жақсыбеков Астана әкімі болып қайта сайланды, - леп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін елордада бесінші шақырылымдағы Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс 51-ші сессиясы өтті. Күн тәртібіне елорда әкімін тағайындау мәселесі шығарылды. Сессия барысында халық қалаулылары Мемлекет басшысының Астана қаласының әкімі қызметіне Әділбек Жақсыбековті тағайындау туралы ұсынысын бірауыздан қолдады", - делінген хабарламада.

"Ең алдымен, көрсетілген сенім үшін алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының сайлаудағы жеңісімен барлықтарыңызды құттықтаймын. Алда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Өздеріңіз білетіндей, Президент бес институционалды реформаны жариялады. Оларды жүзеге асыру үшін барлығымыз бірдей жұмылуымыз қажет. Елорданың көрікті келбетін одан әрі қалыптастырып, Елбасының бағдарламаларын іске асыруымыз керек", - деді әкім.

Жақсыбеков әр жылдары Қазақ КСР-і Мемлекеттік кино және Мемлекеттік жабдықтау жүйелерінде жұмыс істеді, бірқатар кәсіпорынға жетекшілік етті. 1988-1995 жылдары "Цесна" көпсалалық корпорациясының басшысы болды. 1995 жылы Парламент Сенатына сайланды. Ақмола облысы әкімінің орынбасары болды. 1997-2003 жылдары Астана әкімі, 2003-2004 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрі қызметтерін атқарды. Содан кейін төрт жыл бойы ҚР Президенті Әкімшілігін басқарды. 2008 жылдың қаңтарынан қазанына дейін "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары - ҚР Президентінің кеңесшісі болды.

2008-2009 жылдары Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып жұмыс істеді. 2009-2014 жылдары Қорғаныс министрі қызметін атқарды. Осы жылдың сәуір айында Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды. Ал Астана қаласының әкімі болып 2014 жылдың қазан айында тағайындалған болатын. 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети