04 қыркүйек 2016 14:33

Әділбек Жақсыбеков марафонда 42 шақырымды жүгіріп өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков "Астана марафон 2016" қайырымдылық марафонында 42,2 шақырымды жүгіріп, жұртты таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков "Астана марафон 2016" қайырымдылық марафонында 42,2 шақырымды жүгіріп, жұртты таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Әкімшілігінің басшысын мәре сызығында көрермендер жеңімпаз ретінде қарсы алды. "Шын мәнінде бұл өте қиын. Менің өмірімде бірінші рет. Жаттығу керек әлі де", - деді Жақсыбеков журналистердің өзінің қазіргі жағдайы туралы сұраққа жауап бере отырып.

Соған қарамастан ол өзіне 21 шақырымды жүгіріп өту өзіне ең лайықты дейді. "42 шақырымды жүгіріп өту үшін жаттығу керек. Жолда аяқ-қолым тырысып қалған жағдайлар да болды", - деді Жақсыбеков. Ол жүгіріп келе жатқанда жолдан шығып кеткісі келгенін, алайда соңына дейін жүгіру керектігін түсінгенін айтады.

Еске салайық, осы марафонға ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов қатысқан. Ол 21,1 шақырымды жүгіріп өткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети