"Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен Tengrinews.kz порталының "Қазақстан заңдары" арнайы жобасы сервис жұмысының жақсаруына қолданушылардан тілектер мен ұсыныстар қабылдайды.
"Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен Tengrinews.kz порталының "Қазақстан заңдары" арнайы жобасы сервис жұмысының жақсаруына қолданушылардан тілектер мен ұсыныстар қабылдайды.
"Әділет" АҚЖ жүйені қолдану ыңғайлылығы мен қарапайымдылығы бойынша жұмыстарды қызмет саласына тәуелсіз түрде үздіксіз атқарып келеді. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту бойынша ұсыныстарыңызды "Әділет" АҚЖ сайтының басты бетіндегі "Кері байланыс" түрінде жолдай аласыздар.
Еске салайық, "Қазақстан заңдары" - Tengrinews.kz-тің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің толық базасына тегін рұқсаты бар арнайы жобасы. "Қазақстан заңдары" жобасы Tengrinews.kz ақпараттық порталы мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" РМК-ның ("Әділет" ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі) ынтымақтастығы арқасында іске қосылды.