25 мамыр 2022 | 12:31

Әділет Тойбаев БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділет Тойбаев БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Әділет Тойбаев БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің бұйрығымен Әділет Жүнісұлы Тойбаев ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Әділет Тойбаев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2008 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқытушы болып бастаған. 2008-2009 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да әдістемелік бөлімнің меңгерушісі, академиялық мәселелер жөніндегі директоры қызметтерін атқарған. 2011-2017 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректоры болған. 2017-2018 жылдары Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің бірінші проректоры-академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, ал 2018 жылдан бастап қазірге дейін ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети