Әділетхан Молдахан қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділетхан Молдахан қамауға алынды Фото: instagram.com/adiletkhan

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты туралы видео жариялаған танымал блогер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Алматы полициясы хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz.


Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты туралы видео жариялаған танымал блогер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Алматы полициясы хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz.

Мән-жайы

Алматы Полиция департаменті блогерге қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Бұрын тонау қылмысы үшін сотталған күдіктіге қатысты сот 10 тәулікке күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады", – деп хабарлады Алматы ПД.

Полиция тергеу құпиялылығына сүйеніп, істің өзге мәліметтерін жария етпеді.

Блогер не үшін ұсталған?

Баспасөз қызметі мәліметінше, Молдаханға қатысты Қылмыстық кодекстің 274-бабы 1-бөлігі – "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Баптың санкциясы бойынша келесідей жаза түрлері қарастырылған:

  • 1000 АЕК-ке дейін айыппұл (2026 жылы 4 325 000 теңге),
  • 400 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту,
  • бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру.

Айта кетейік, блогердің Instagram-дағы парақшасына миллионнан аса қолданушы жазылған. Ол әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апаты туралы бірқатар жазбаларынан кейін көпшіліктің назарын аударған болатын. Блогер апатқа құқық қорғау органы қызметкерінің қатысы болуы мүмкін деп мәлімдеген еді.

Блогер туралы не белгілі?

Іске қоғам тарапынан қызығушылық жоғары болғандықтан Алматы Полиция департаменті ұсталған адам туралы кейбір мәліметті жариялауды ұйғарған. Әділетхан Молдахан бұрын құқық қорғау органдарының қызметкері болған, алайда оның ІІМ-дегі мансабы даумен аяқталғаны белгілі болды.

"Оның бұған дейін ішкі істер органдарынан теріс себептерге байланысты жұмыстан шығарылғанын растаймыз", – деп хабарлады департамент.

Сонымен қатар оның бұған дейін тонау дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны айтылды.

"Сот үкімімен ол тонау жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот мәліметінше, 2023 жылғы наурызда ол алдын ала сөз байласқан адамдар тобында, рөлдерді бөліп алып, тұрғын үй сатып алу үшін ақша алып келген азаматқа шабуыл ұйымдастырған. Қылмыстық ниеттерін жүзеге асыра отырып, күдіктілер жәбірленушінің автокөлігін қуып, әдейі тоқтатқан, содан кейін келісілген түрде күш қолданып, ірі көлемдегі ақшаны ашық түрде иемденіп, оқиға орнынан қашып кеткен", – деп хабарлады полиция.

Бұл қылмысы үшін сот оған пробациялық бақылау белгілеп, бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 478.15   548.09   5.87 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети