Адвокат Жангелді Сүлейменов БЖЗҚ-ны сотқа берді. Құқық қорғаушы аудитор компания жұмысын нашар орындады деп айыптады. БЖЗҚ оқиғаға қатысты Tengrinews.kz тілшісіне пікір білдірді.
Адвокат Жангелді Сүлейменов БЖЗҚ-ны сотқа берді. Құқық қорғаушы аудитор компания жұмысын нашар орындады деп айыптады. БЖЗҚ оқиғаға қатысты Tengrinews.kz тілшісіне пікір білдірді.
Жангелді Сүлейманов Facebook желісіндегі парақшасында зейнетақы жинақтарына аудит сапасыз жасалғанын мәлімдеді. Есепте зейнетақы активтерінің бухгалтерлік есебінің дұрыс екені туралы тұжырымдар жоқ, сондай-ақ бухгалтерлік баланс аудиттелмеген.
"Мен БЖЗҚ-ны біздің зейнетақы жинақтарымыздың аудитін сапасыз жасағаны үшін сотқа бердім. Аудитті "Делойт" жүргізді, есепте екі ірі қате қате бар. Бірінші: жинақтарымыздың бухгалтерлік есебін жүргізуге баға берілмеген. Екінші: бухгалтерлік балансты тексермеген", - деді Жангелді Сүлейманов.
Жангелді Сүлейманов соттың алғашқы отырысы өткенін де хабарлады. Алайда адвокаттың айтуынша, БЖЗҚ өкілдері онда келмеген.
Tengrinews.kz редакциясы осы істе БЖЗҚ-ның ұстанымын білу үшін оларға хабарласты. Зейнетақы қорының өкілдері техникалық проблемаларға байланысты отырысқа қатыса алмағандарын айтты.
"Сот белгілеген уақытта қор өкілдері online байланыста болды. Алайда қорға байланысты емес техникалық себептермен қор өкілдері сот отырысына қосылмады, бұл туралы процеске қатысушылардың барлығы хабардар етілді.
Осыған байланысты сот отырысы 2021 жылдың 10 ақпанына қалды. Бұл ретте қор талап-арызға пікірді уақтылы ұсынды. Өтініш беруші онымен таныса алады.
Осылайша Ж.Т. Сүлеймановтың 2021 жылы 2 ақпанда сот отырысында қордың келмеуі себептері туралы айтқан сөздері шындыққа жанаспайды", - деді БЖЗҚ баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, БЖЗҚ өкілдері Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының 2020 жылғы 8 қаңтардағы шешімімен Жангелді Сулеймановтың 2018 жылғы аудит бойынша талап арызын қанағаттандырудан бас тартылғанын хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!