29 маусым 2016 15:45

Адвокат жұмыс күнін 7 сағатқа қысқартуды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© thejizn.com © thejizn.com

Адвокат Жангелді Сүлейменов бес күндік жұмыс уақытында 7 сағаттан артық жұмыс істемеуге, яғни жұмыс күнін 35 сағатқа қысқартуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сонымен қатар, ол бұл үшін Еңбек кодексіне өзгертулер енгізуге болатынын айтты.


Адвокат Жангелді Сүлейменов бес күндік жұмыс уақытында 7 сағаттан артық жұмыс істемеуге, яғни жұмыс күнін 35 сағатқа қысқартуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сонымен қатар, ол бұл үшін Еңбек кодексіне өзгертулер енгізуге болатынын айтты.

Сүлейменовтың пікірінше, адамдардың көпшілігінде демалуға уақыт қалмайды. "Біздің барлық ұйымда қызметкерлер сағат 9-дан 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл, әсіресе, әйелдерге ауыр жұмыс кестесі болып тұр.
6-00 Ұйқыдан тұру, жуыну, таңғы ас
7-00 Баланы балабақшаға немесе мектепке алып бару керек
8-00 Жұмысқа бару
9-00-ден 18-00-ге дейін, ал кейде 20-00-ге дейін
18-00-ден 20-00-ге дейін үйге қайту, балаларды балабақшадан немесе мектептен алып қайту, дүкендерге кіру
20-00-ден 23-00-ге дейін кешкі ас, кір жуу, үй жинау, балалардың үй тапсырмаларын қарау
23-00 - ұйықтау.

Демалыс күндері - үйдің жұмыстары, қонақтар

Осылайша адамдардың демалуға уақыты жоқ. Сондықтан көп адам әлсіз әрі ашулы болып жүреді", - деп жазды адвокат.

Сонымен қатар, ол 35 сағаттық жұмыс аптасында жұмыс күнінің ұзақтығын 4,5 күнге қысқартуды ұсынып отыр. Яғни, адамдардың жұма күні түске дейін жұмыс істеуі үшін. "Осылайша жұмыс күні сағат 17-00-де аяқталады, ал сағат 8-00-ден бастап жұмыс істейтін адамдар сағат 16-00-ге дейін ғана жұмыс істеуі қажет. "Парето заңына немесе Парето қағидасына сәйкес "Салынған күштің 20 пайызы одан шыққан нәтиженің 80 пайызына әкеледі, ал салынатын күштің қалған 80 пайызы нәтиженің тек 20 пайызын береді", - деді адвокат.

Сүлейменовтың айтуынша, бірқатар елдерде жұмыс уақыты қысқартылды. Мысалы, Нидерландыда адамдар 30,5 сағат жұмыс істесе, Финляндияда - 33 сағат, Ирландияда - 35,3, ал АҚШ-та - 34,5 сағат.  "Меніңше, бір аптадағы жұмыс уақытын 35 сағатқа қысқарту біздің экономикамызға кері әсерін тигізбейді, керісінше, біздің ұйымдар мен кәсіпорындар уақытылы демалған қызметкерлеріміздің арқасында өз жұмыстарын жақсы атқарады", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети