АЭС Алматы облысында салынуы мүмкін

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Үлкен ауылы. Фото Tengrinews.kz/Леонид Рассказов Үлкен ауылы. Фото Tengrinews.kz/Леонид Рассказов

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Алматы облысындағы Үлкен ауылы АЭС салуға барынша қолайлы екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Алматы облысындағы Үлкен ауылы АЭС салуға барынша қолайлы екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үлкен ауылы ұлттық электр желісінің топографиясы жағынан ең қолайлы учаске. 500 киловольттық жеткілікті тармақталған желі мүмкіндігі бар, Юг-ГРЕСС 500 негізгі қосалқы станциясы бар. Бұл учаскеде "Солтүстік-Оңтүстік" электр қуатын, электр энергиясын Орталық Қазақстан - Қарағандыға қайта бөлу, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне Солтүстік-Оңтүстік транзитімен қайта бөлу мүмкіндігі бар", - деді Сәтқалиев.

Оның айтуынша, көміртегі бейтараптығына қолжеткізу мақсатында бұл жерде газ инфрақұрылымының жоқтығын ескере отырып, ең оңтайлы шешім Атом электр станциясын салу болмақ.

"Бұл мәселе концептуалды деңгейде қарастырылады. Отын-энергетика кешенін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу бойынша тиісті шешім дайындалып жатыр, онда мұнай-газ саласының дамуы жан-жақты қарастырылатын, сондай-ақ мұнай-газ саласын дамыту көмір өнеркәсібін, жылу-энергетиканы дамытуды жоспарлап отыр. Жақын арада Үкіметтің белгілі бір ұстанымдары жарияланады деп ойлаймын", - деп қосты қор басшысы.

Ол қазірдің өзінде атом электр станцияларына арналған құрал-жабдықтарды өндірушілерден бірнеше ұсыныстар бар екенін қосты.

"Ресейден, Қытайдан, Франциядан ұсыныстар, америкалық жабдық өндірушілерден екі ұсыныс бар. Шешім қабылдау кезінде қолданылатын технологиялардың қауіпсіздігі, салынған ядролық реакторларды пайдаланудың осындай озық тәжірибелерінің саны, құны, Қазақстанда жанар-жағармайды оқшаулау мүмкіндігі мәселесі ескерілетін болады", - деп қосты Сәтқалиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro